Шымкентке 2 мыңға жуық қандас қоныс аударған

0
2 563

1999 азамат қандас мәртебесін алды.


Шымкентке 2 мыңға жуық қандас қоныс аударған

Шымкент мегаполис мәртебесін алғалы 2 мыңға жуық қандас қоныс аударды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент – қаласы республикалық маңызы бар қала деп танылғанына 3 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында көрші елден 1275 отбасы қоныс аударып, 1999 азамат қандас мәртебесін алды. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Қалаға жыл басынан бері көшіп келген 227 отбасындағы 300-ден азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың дені Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған.
Шаһарға қоныс аударғандардың 3% алыс шетелдерден, 0,6% Ресей мен Қытайдан келген.
Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастар қалада 11 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан оралманды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналасады.

Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят, десерт и в помещении)

Арнайы орталықта жарты жыл заңнамаға сай бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алады. Қазіргі таңда, орталықта 12 отбасы елге бейімделуде. Олар дәнекер, массаж, компьютерлік графика, шаштараз, есепші, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандақтарына машықтанып, кәсіп үйреніп отыр.