Шымкентте 1 мамырдан бастап қандай кәсіпорындар карантиннен бірінші болып шығады

0
2 141

Рұқсат етілген кәсіпкерлік нысандардың қызметі санитарлық нормаларды қатаң сақтау шартымен жүргізілетін болады.


Шымкентте 1 мамырдан бастап қандай кәсіпорындар карантиннен бірінші болып шығады

Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, "Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік коммиссияның" келісімімен Шымкент қаласында 1-мамырдан мынадай өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандары қалпына келтірілудің бірінші кезеңі басталады. Олар төмендегідей:

1.Қызмет көрсету сала бойынша

Химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілемдерді тазалау

(жеткізу сервисі болған жағдайда алдын ала жазылу бойынша)

Тұрмыстық және өнеркәсіптік техниканы жөндеу орталықтары

(жеткізу сервисі болған жағдайда алдын ала жазылу бойынша)

Автожуу (өзіне-өзі қызмет көрсету), шиномонтаж, май ауыстыру орталықтары,

Техникалық қызмет көрсету стансалары, автосервистер

("Сергек" деректер базасына тіркелген автокөлік құралдары үшін)

Токарлық, дәнкерлеу және шиһаз цехтары

Әсемдік салондары, шаштараздар

(Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша)

Ателье, киім мен аяқ киім жөндеу.

2. Сауда саласы

Онлайн-жеткізу режимінде жұмыс істейтін тұрмыстық техникалар сататын сауда үйлері мен дүкендер

Көшеттерді, пестицидтерді, тыңайтқыштарды, бау-бақша тауарларын сататын дүкендер

Жүк автокөлігі мен ауыл шаруашылығы және құрылыс техникасына арналған автобөлшектер мен шиналарды сататын дүкендер мен қоймаларға

Оптика салондары

Автосалондар

3. Қаржы ұйымдары

Микроқаржы ұйымдар, ломбардтар және ақша айырбастау пунктері

4. Саяжай

Қалай аймағында

Рұқсат етілген кәсіпкерлік нысандардың қызметі санитарлық нормаларды қатаң сақтау шартымен жүргізілетін болады.

Бұл нысандар сағат 10:00 - 18:00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Ал, жоғарыда аталған кәсіпорындар міндетті түрде тіркелуі қажет. Ол үшін 4 аудан бойынша тіркеу почтасына ақпараттарыңызды жібересіз. Өтінімді ұсыну уақыты 2020 жылғы 3 сәуір, сағат 14:00-не дейін.

Өтінім үлгісі төмендегідей