Шымкентте 100-ге жуық құсты заңсыз аулағандар ұсталды (видео)

0
638

172 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Шымкентте 100-ге жуық құсты заңсыз аулағандар ұсталды (видео)
ERNUR.KZ. Шымкентте 100-ге жуық заңсыз ауланған құсты сатумен айналысқан екі ер адам ұсталды.
Заң бұзушыларды табиғатты қорғау тобының инспекторлары жабық базарда сауда жасап тұрған жерінде ұстады.
Түркістаннан келген екі ер адам сатуға шығарған «тауарларын» арнайы торға қамап, өздеріне тиесілі көліктердің жүк салғышына жасырған. Олардың әрқайсысын 1000 теңгеге бағалаған.
Тәртіп сақшылары ол жерден заңсыз ауланған 96 құсты анықтап, бостандыққа ұшырып жіберді. Ал, азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы «аң аулау қағидаларын бұзу» және 204-бабы «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» бойынша хаттама толтырды.
Айта кетейік, 9-11 желтоқсан аралығында жүргізілген рейд жұмыстары барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тағы 6 тұлға анықталып , азаматтық қару айналымының қағидаларын бұзғаны үшін 172 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.