Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан ұзын құрт шықты

0
1 564

Жасөспірімнің іші ауырып, тәбеті болмаған.


Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан ұзын құрт шықты

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында жасөспірім қыздың бауырынан 9 сантиметрлік құрт шықты, деп жазады Otyrar.kz.

Дәрігерлердің көмегіне жүгінген 14 жастағы қыз іш жағы қатты ауырып жүргенін айтқан. Одан кейін медициналық тексерістен өтеді. Сол кезде жасөспірімге ота жасауға шешім қабылданды.
Хирургтар баланың бауырынан 9 сантиметрлік эхинококк құртын алып шықты. Бұдан бөлек, 8 сантиметрлік эхинококктар болған. Операция лапароскоппен жасалды. Ондайда екі тесікпен арнайы құралдарды енгізу арқылы ота жасалады.
Қаладағы клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байбуллаевтың айтуынша, бала ауруханаға түскенде басы қатты ауырып жүрген, қалтырау болған. Іші ауырып, тәбеті жоғалған
"Операциядан кейін пациент жансақтау бөлімінде жатты. Одан кейін оны палатаға ауыстырды. Қазір жағдайы жақсы, үйге дайындалып жатыр", - дейді Байбуллаев.

Эхинококкоз — қауіпті паразиттік ауру. Адамдар көп жағдайда оны жануарлардан, я болмаса, жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектен жұқтырады. Су арқылы ағзаға түсуі де мүмкін.
Эхинококк жылауықтары бауырда, өкпеде, жүректе, бүйректе, тіпті, мида болады. Дәрігерлер гигиенаны сақтап, уақытында медициналық тексерістен өтуге кеңес беріп отыр.