Шымкентте 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмысын бастады

0
1 119

Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді.


Шымкентте 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмысын бастады

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында (15 мың теңге) азаматтарға кеңес беру үшін 29.04.2020 жылдан бастап Call-орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді.

15 мың теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, енді 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар:
- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.