Шымкентте 24 қаңтардан бастап мектептерде оқыту штаттық режимде жүргізіледі

0
1 090

Толымдылығы 50 пайыздан аспайтын оқушымен штаттық форматта жүргізіледі.


Шымкентте 24 қаңтардан бастап мектептерде оқыту штаттық режимде жүргізіледі

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім беру ұйымдарындағы санитарлық талаптардың орындалуы мен офлайн режиміне өту дайындығын бақылау мақсатында №135 жалпы орта мектепке барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл мектепте білім алатын 1500-ден астам оқушы екі ауысымда оқиды. Білім ошағында сабақтар икемді кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Мектеп санитарлық талаптарға сай.
Медициналық қорғаныс құралдарын пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы екенін айтқан қала басшысы карантин талаптары сақталмаса қауіпті індеттің ода әрі өрши түсетінін айтты. Сонымен бірге штаттық режимде оқу процесін жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетсек, қалада оқыту білім алушылар саны 600-ден асатын бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту бір ауысымда толымдылығы 50 пайыздан аспайтын оқушымен штаттық форматта жүргізіледі.