Шымкент қаласы бойынша 42 269 адам тұрғын үйге кезекте тұр.
Шымкент қаласында 5 жыл ішінде 47 мың пәтер салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов мәлімдеді.
Оның айтуынша Тұрғын үй басқармасы үш басты бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, кезек ретімен тұрғын үймен қамту; жеңілдетілген несиелер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету; тұрғын үй қорын жаңғырту.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін басқа өңірлердің тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған кезектілік тізімдеріне жүргізілетін түгендеуді аяқтаған соң, Шымкент қаласы тұрғын үй берудің бірыңғай жүйесіне көшіру жоспарлануда.
Шымкент қаласы бойынша 42 269 адам тұрғын үйге кезекте тұр.