Шымкент қаласында алғаш рет дін саласының мамандарына арналған байқау өтеді.
Дін саласындағы үздік мамандарды анықтайтын «Үздік теолог» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда.
Теолог, дінтанушы исламтанушы маман немесе осы салада білім алып жүрген ізденімпаз студенттер болса – өз білімін сынап, кәсіби шеберлігін көрсетудің тамаша мүмкіндігі болмақ.
Қатысушыларды ҚАРЖЫЛАЙ сыйлықтар, арнайы марапаттар және танымал теологтармен тәжірибе алмасу күтіп тұр.
Жүлде қоры:
• 1-орын: 1 000 000 (бір миллион) тг
• 2-орын: 700 000 (жеті жүз мың) тг
• 3-орын: 500 000 (бес жүз мың) тг
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады: Құжаттар қабылдау, комиссия отырысы, марапаттау
Қатысу – тегін.
Құжаттар қабылдау
Өтінім 12.05.2025 жылға дейін қабылданады.
Өтінімдер uzdik_teolog_2025@mail.ru поштасына қабылданады. Толық ақпарат үшін: 87782724297