Шымкент қаласы "Забадам" және "Химфарм" тұрғын алаптарында халықпен кездесу өтіп, азаматтық келісімді нығайту, елдің ішкі бірлігін бекемдеу тақырыптары қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тұрғындармен жүздесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «Шымкент қаласының Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Ш.Рузметов арнайы келіп, жалпыұлттық бірлікті ілгерілету жөніндегі келелі ойларын ортаға салды.