Бүгін Шымкент қаласындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында 20-ға жуық бала сүндеттелді.
Шымкентте "Сүндеттеу - мұсылманның міндеті" шарасы аясында 500 жуық бала сүндеттелетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен, Шымкент қалалық ішкі саясат және дін басқармасы, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен "Сүндеттеу - мұсылманның міндеті" атты шарасы ұйымдастырылды.
Аталған игілікті шараға Республикалық "Үмбет" қоғамдық қайырымдылық қоры қаржылай көмек көрсетуде.
"Бұл сүндеттеу шарасы бізде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл да соның көрінісін тауып отыр. Бұл шараны тамыз айынан бастап отырмыз. Келесі қыркүйек айында да өз жалағасын табатын болады. Сүндеттеу шарасы аясында 500 жуық баланы сүндетке отырғызуды жоспарлап отырмыз", - дейді Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.
Аталған шара аясында сүндеттелген бүлдіршіндерге мешіт қызметкерлерінің тарапынан арнайы сыйлық берілді.
Сүндетке отырғызу тек мұсылмандық жол емес, оның ер адамның денсаулығына, ертеңгі күні ұрпақ қалдыруда да маңызы зор екені медицинада дәлелденген.
Айта кетейік, "Сүндеттеу - мұсылманның міндеті" атты шарасы Шымкент қаласы, Асар мөлтек ауданы, қалалық балалар клиникалық ауруханасында, сондай-ақ Сайрам тұрғын алабы, балалар ауруханасында өткізілуде.