Мегаполисте 147,8 мың адам кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған.
Шымкент қаласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 қаңтарға 69,4 мың бірлікті құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 147,8 мың азаматқа жеткен.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2019 жылдың 1 қазанына 630,5 млрд. теңгенің өнімін шығарып, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 8,9% артты.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2 557,5 млн. теңгеге 245 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде:
- Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 155 жобаға 2 155,5 млн. теңгеге;
- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 35 жобаға 250 млн. теңгеге;
- Мемлекеттік гранттар беру бағытына бойынша, 55 жобаға 152,0 млн. теңгеге.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 114,9 млн. теңгеге 92 шағын несие берілді.
- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 50,0 млн. теңгеге 42 жобаға қолдау көрсетілді.