Әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге жеңілдетілген бағдарламалары қарастырылып, игілікті шаралар жасалып жатыр
ERNUR.KZ. «Қырғы» базар аумағында ретсіз саудаға айыппұлдар салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Төле би көшесі, «Қырғы» базар аумағында жолдың бойындағы ретсіз сауда қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан да наразылықтар көбейген.
Осыған орай, қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Төле би көшесі, «Қырғы» базар аумағындағы ретсіз сауда өзекті мәселелердің бірі болуына байланысты Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан күнделікті Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Айыппұлдар салынғанының нәтижесінде базар маңында тазалық қалыпқа келген.
Бұған қоса, Әл-Фараби ауданының әкімі базар және сауда орталығы басшыларымен (Қырғы, Акбар, Визит ЖШС, Мият, Заман) қала көркін ретке келтіру және ретсіз сауданы болдырмау бойынша келіссөз жиналысын өткізді.
Сонымен қатар, қала аумағындағы базар басшыларынан бос сауда орындары және әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге жеңілдетілген бағдарламалары қарастырылып, игілікті шаралар жасалып жатыр.