Қалада ең көп кездесетін қылмыс түрі – ұрлық.
30.11.20 – 06.12.20 аралығындағы «102» телефонына түрлі сипаттағы 7494 қоңырау келіп түскен. Оның 2993-і электронды тіркеуге алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осы апта аралығында бейнебақылау камераларының көмегімен 6 қылмыс ашылған. Қалада ең көп кездесетін қылмыс түрі – ұрлық.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы кез келген қылмысты бақылауда ұстайды. Бейнекамераларға жазылған ақпарат бір ай көлемінде сақталады. Камераның тиімділігі 360 градусқа дейін бұрылып, айналаны түгел түсіреді.