Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жоспарланған 655 медициналық мекеменің 467-сінің құрылысы аяқталды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жоспарланған 655 медициналық мекеменің 467-сінің құрылысы аяқталды. Айта кету керек, 175 нысан бұрын медициналық ғимараттармен қамтылмаған ауылдарда, ал 292 нысан ескірген және бейімделген үй-жайлардың орнына салынды.
«80 мыңнан астам отандасымыз қосымша медициналық көмекке қол жеткізді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін 456 қосымша күндізгі стационар төсек-орнын орналастыруға мүмкіндік берді. Бұл ауылдардың тұрғындары үшін 174 медицина қызметкері дайындалып, елді мекендерге жіберілді», — деп атап өтті денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.