Оқиға орнында адамдар өздігінен қауіпсіз жерге шыққан.
Шымкент қаласында дәмханада өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін сағат 14:48-де Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылы бойында орналасқан «Ложка и вилка» дәмханасында өрт шыққаны туралы төтенше жағдайлар бөліміне хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жалпы аумағы 75 шаршы метр дәмхананың шатыр астында ағаш жаппасы жанып түтегендігін анықтады. Өрт жалпы 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнында адамдар өздігінен қауіпсіз жерге шыққан. Өрт сағат 15:18-де оқшауланып, 15:41-де толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы, жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.