Шымкентте дендросаябаққа кіру уақыты ұзартылды

0
454

Дендросаябақ - шаһарда маңызды саналатын орындардың бірі


Шымкентте дендросаябаққа кіру уақыты ұзартылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы жаяу аралау барысында, ерекше қорғалатын табиғи аймақ саналатын дендросаябаққа кіру уақытын ұзарту бойынша тапсырма берді.

А.Асқаров атындағы дендросаябақ - шаһарда маңызды саналатын орындардың бірі, тұрғындар үшін таптырмас тынығу аймағы. Күннің аптап ыстығында қала тұрғындары да, қонақтар да осында келіп, серуендеп, тал көлеңкесін саялайды. Сонымен бірге күн сайын таңертең денсаулығына бейжай қарамайтын шымкенттіктер кәрі-жасына қарамай саябақта дене шынықтырумен айналысады.
Сол себепті тұрғындардың өтінішін ескере отырып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 00:00 ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды.
Енді А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейді.