Шымкентте ең алып кітаптың тұсауы кесілді

0
1 291

24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х 90 см.


Шымкентте ең алып кітаптың тұсауы кесілді

Үшінші мегаполисте ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келі болатын кітап жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық білім басқармасына қарасты №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұлы ақынның туған жерінде өтетін мерекеге ерекше сый жасап отыр.

Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең үлкен кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х 90 см.

Мектеп директоры Исақ Асановтың айтуынша, алып кітап алдағы аптада Алматы қаласында орналасқан Қазақстан рекордтар кітабына тіркеуге жіберіледі. Сертифитталған қара сөздер жинағы, одан соң, Абайдың туған еліне жеткізілмек.