​Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

0
677

Өткен тәулікте вирус жұқтыру өсімі 1 пайызды құрады.


​Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген.
Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны - 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады.
Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860- қа жеткізілген. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын. Олардағы реанимациялық 30 төсек-орын саны 151 орынға дейін ұлғайтылғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, қала басшысы қаладағы ауруханаларға қосымша 58 ИВЛ аппараты мен 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынған. Реанимациялық орынның 88,7 пайызы немесе 134 ИВЛ аппараттарымен қамтылған. Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілгенін айтты.
Мұрат Әйтенов тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жедел жәрдем шақырушылар саны 26,6 пайызға азайғанын, стационарларда ем алушылар саны 31,5 пайызға төмендегенін, стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кемігенін хабарлады.