44 жастағы күдікті досының пәтерінде ұсталды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында ер адам кәмелетке толмаған өгей қызына қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 22 тамызда Тұран АПБ-на 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, 21 тамызда оның 6 жасар қызына бірге тұратын ер адамы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын айтып арызданған. Полицейлер бұл деректі ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі « жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша СДТБТ-не тіркеп, оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні іздеуге кірісті.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы күдіктіні оның досының пәтерінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Жедел уәкілдер тұрғын үйді тексеру кезінде салмағы 4 келіге жуық марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар зат салынған сөмке тапты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау » бойынша тіркелді.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, делінген Шымкент қалалық Полиция Департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.