Шымкентте әйелінің намысына тиетін сөздер айтқан ер адам сотталды

0
584

10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындалды.


Шымкентте әйелінің намысына тиетін сөздер айтқан ер адам сотталды

көрнекілік үшін сурет ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында тұрмыстық қатынастың тыныштығын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Бұл туралы Шымкент қаласының соттары парақшасында жарияланды.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен Ш. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралып аяқталды.


Істі қарау барысында Ш. бұрын отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында қарсы әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған бола тұра 2024 жылы 10 қаңтарда 19:30 минут шамасында қайталап өзінің жұбайы Г.-ның намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекет жасағаны анықталды.

Сот отырысында азамат Ш. өзінің кінәсін мойындап, ашу үстінде болғандықтан әйелінің намысына тиетін сөздермен оның ар-намысына тиіп, отбасы тыныштығын бұзғанын растап, өкінетінін айтып, жасаған іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.

Сонымен сот азамат Ш.-ның осы бапта көрсетілген құқықбұзушылықты бір жылдың ішінде 2-ші рет қайталап жасаған әрекеттері үшін ӘҚБтК-нің 73-бабы 2 бөлігімен оны кінәлі деп тауып оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.