Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылысы болды: Ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалған

0
1 367

Оқиға 4 маусым күні сағат 18:10-да орын алған.


Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылысы болды: Ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалған

Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, жергілікті тұрғын күйіп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында болған.

"2020 жылғы 04 маусымда кешкі сағат 18: 10-да Жаңақұрылыс көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында өртсіз газ-ауа қоспасының тарсылы орын алды,

Оның салдарынан 1970 жылы туылған ер адам денесінің 80% күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа дәрежеде. Өрт сөндіру қызметін шақырмаған.", - делінген хабарламада.