Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласында мал шаруашылығын дамыту және олармен орын алатын арулардың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәселен, қалада ірі қара малдарды асылдандыру мақсатында 13 қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс істейді. Биыл 40,2 мың бас уақ мал, 32,1 мың бас ірі қара мал, 1,8 мың бас жылқы, 50 бас түйе, 1 000 бас шошқаны бірдейлендіру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға дейін 31,7 мың уақ мал (78%), 17,1 мың ІҚМ (53%),1,4 мың жылқы (91%), 600 бас шошқа (60%) бірдейлендірілді.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қалада ауыл шаруашылығы жануарларының маусымдық энзоотиялық аурулардың алдын алу бағытында жұмыстар атқарылған. Жалпы 78,9 мың бас мал бүркіліп, 119,9 мың бас уақ малдар тоғытылдған. 27,5 мың қаңғыбас ит-мысықтар ауланып, жойылған.