Іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен барлығы 1206 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар бойынша 262 жағдай анықталған. 60 шаштараздар, массаж салондары, монша, сауна, әсімдік салондарында заң бұзушылық анықталған. Той немесе басқа да жиын өткізгендердің 195 жағдайы расталған. Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда 372 заңсыздық тіркелген. 2 бірдей демалыс аймағы мен басқа да 315 жағдай тіркелген. Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін 312 хаттама толытырлған. Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында, бірқатар нысандардың бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.