Рейдік шара барысында бірнеше мейрамханалардың карантин талаптарына бағынбай жұмыс жасап жатқандығы белгілі болды.
Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған ойынханалар мен мейрамханалар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулыларына сәйкес карантин және шектеу шаралары 2020 жылдың 2 тамызына дейін ұзартылған.
Алайда бір қатар кәсіпкерлік нысандарының карантин ережелерін елемей өз жұмыстарын жалғастырғаны белгілі болды. Нақтырағы 24 шілде күні сағат 22:35 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Шымкент қаласы Дулати көшесі №122 үйде орналасқан «Ықылас» кафесінің жұмыс жасап жатқанын анықтаған.
Сондай-ақ Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі №38 УПП қызметкерлерімен рейдттік шара жүргізу барысында 24 шілде сағат 22:00-де Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25 Қаулысында көрсетілген талаптарды өрескел бұзған Сайрам көшесінің бойында орналасқан «КИНГ ХАУС» ғимаратындағы компьютерлік ойынхана жұмыс жасап тұрғаны анықталды.
Рейдтік шара барысында дәл осы Сайрам көшесі бойында орналасқан «Сұлтан» кафесінің ішінде бір топ азаматтардың тамақтанып отырғаны анықталды. Осыған байланысты аталған заң бұзушылықтар бойынша жинақталған іс-құжат Әл-Фараби және Еңбекші ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына жолданды.