Шымкентте кәсіпкерлік нысандарға тексеру жұмыстары жүргізілді

0
449

Тексеру барысында 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Шымкентте кәсіпкерлік нысандарға тексеру жұмыстары жүргізілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте күні мобильдік топ 206 кәсіпкерлік нысанға тексеру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, КВИ-дің 33 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 22, белгілері жоқ – 11). 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 14 адам үй бақылауына алынды. Науқастарға бекітілген хаттамаға сәйкес тиіс ем жүргізілуде.
Айта кету керек, қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1276 орын бар. Төсек орын толымдығы 27%-ды құрайды, 920 төсек орын бос.
Сонымен бірге, инфекциялық стационарда 356 науқас емделуде (КВИ-207, пневмония-149, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде - 23 (7 - ИВЛ, 16 - НИВЛ).
Ал бір тәулік ішінде қалада 6245 адам вакцина алды (I компонент-2601, II компонент-3644). Егу науқаны басталғалы барлығы 253 913 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 152 659 адам вакцинаның екі компонентін алды.