Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.
Үшінші мегаполисте қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған републикалық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.
Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.
Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.