Шымкентте қоқыс мәселесі жыл соңына дейін шешіледі

0
971

Шымкент тұрғындары қоқыс тазаланбаса 109 нөміріне қоңырау шалу немесе 87777109109 нөміріндегі WhatsApp желісіне жазу арқылы ескерте алады.


Шымкентте қоқыс мәселесі жыл соңына дейін шешіледі

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда қала аумағында қоқыс тастайтын 490 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Бүгінде олардың көбінің тозығы жеткен. Сол себепті, қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту көзделген.

Осы жылы 1376 контейнер сатып алу жоспарланған. Ал, бүгінгі таңда 376 қоқыс жәшіктері сатып алынып, оның 240 орнатылды.

Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісі шықпайды.

Жауаптылар жыл соңына дейін қалған 1000 қоқыс контейнерін сатып алып, қаладағы қоқыс мәіселесін толықтай шешетінін айтты.

Айта кетейік, Шымкент тұрғындары қоқыс тазаланбаса 109 нөміріне қоңырау шалу немесе 87777109109 нөміріндегі WhatsApp желісіне жазу арқылы ескерте алады. Тек қоқыс мәселесінде емес, әртүрлі әлеуметтік сауалдарыңызды сонда жолдап, жауабын ала аласыз. IKOMEK тәулік бойына қызмет етеді.