Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті

0
602

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.


Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын тағы 3 адам жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

(01.05.2020 жылғы сағат 21:00- дегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 1969 жылы туылған азаматша және 1967,1992 жылы туылған ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция жұқтырған жалпы 204 жағдай тіркелген.