Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туберкулезбен ауырған

0
1 196

Бір жыл бұрын ем қабылдаған ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.


Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туберкулезбен ауырған

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмғаны хабарланған болатын. Науқас 1964 жылы дүниеге келген Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекбауова Айгул Жақыпқызы мәлімдеді.

Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған.
Сонымен қатар республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген. Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті, артериалды гипертензия. Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды. Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.
Ал, транзиттік көлікте науқаспен қарым қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.