Өзеннің Республика даңғылының бойы мен Ордабасы алаңы арқылы өтетін аумағы тазаланды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінен 100 текше метрге жуық қоқыс шығарылды.
Өзеннің Республика даңғылының бойы мен Ордабасы алаңы арқылы өтетін аумағы тазаланды.
Еліміз бойынша жүріп жатқан экоакция аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығына орай Қошқар ата өзенінің маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Еске салсақ, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді.
Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.