Шымкентте медициналық препараттарды заңсыз сатудың 11 дерегі тіркелді

0
663

6,5 млн теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнан шығарылды.


Шымкентте медициналық препараттарды заңсыз сатудың 11 дерегі тіркелді

Шымкентте азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 11 дерегі және дәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 дерегін анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның ішінде 14 дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік) тіркеліп, тергеп тексеру жүргізілуде.
Жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнан шығарылды.
Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылуда.

Бүгін қала прокурорының төрағалығында дәрілік препараттарды заңсыз өткізу мәселелеріне қатысты мәжіліс өткізіліп, мобильдік топтың жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.