Шымкентте өткен жылы төтенше жағдай кезінде 114 адам зардап шеккен

0
1 160

2019 жылы қала аумағында 242 төтенше жағдай мен оқиға тіркелген.


Шымкентте өткен жылы төтенше жағдай кезінде 114 адам зардап шеккен

«Нур Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов 2019 жылы атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Департаменттің жедел қызметтері 3631 рет шығу жұмысын жасап, 379 адам құтқарылған. Төтенше жағдайлар аймағынан 1297 адам көшірілсе, 1 млрд.теңгеден астам сомаға материалдық құндылықтар құтқарылды. Қала аумағында 242 төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, онда 114 адам зардап шеккен. Ал оның ішінде 20 адам қайтыс болыпты.

Өткізілген ауқымды алдын алу іс-шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың жалпы санынан 199 өрттер құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0% - ға көбейген.

"Өрттен келген материалдық шығын 342 млн. теңгеден астам. Бұл өткен жылдың деңгейінен 3,4%-ға төмен (2019 ж. 342 млн. 524 мың/2018ж. - 354 млн.615 мың. тг.).Шығын сомасының өсуіне "МурАз"ЖШС газ құю стансасының аумағындағы өрт айтарлықтай әсер етті. Өрт кезінде 6 адам жарақат алды (2018 ж.-16), 7 адам қайтыс болды (2018 ж.-8)",-деді департамент бастығы.

Мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін жүзеге асыру аясында 2019 жылы ерекше тәртіп бойынша 1648 шаруашылық объектілерге тексеру жүргізілген. Ал тексерілген 919 объектінің 106-сы өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келсе, ал 813 объектіде бұзушылықтар анықталыпты. Жүргізілген тексерулер барысында алты мыңнан астам (6767) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылығы анықталған. Ал 794 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Суға шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс орындарының иелерімен балаларды, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларын, жүзуге тегін үйрету бойынша 9 меморандум жасалынды. Суға шомылу маусымында 326 бала (2018 ж. -81) жүзуге үйретілді. Жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 364-бабының 1-тармағы) әкімшілік бұзушылықтар туралы 36 хаттама толтырылды (ескерту түрінде). 2019 жылғы шомылу маусымында Шымкент қаласында судағы 3 оқиғасы тіркелді (2018 ж.-4, оның ішінде 2 бала)." - деді Шымкент қаласы ТЖД бастығы.