Сондай-ақ, қабылдап-тарату орталығына жеке бастарын анықтау мақсатында 40 тұлға жеткізілді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында «Пәтер» профилактикалық іс-шарасы барысында 30 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әл-Фараби АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Пәтер» профилактикалық іс-шарасын қарқынды өткізіп жатыр.
Аталған шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ, қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу.
Кезекті рейд кезінде Өзбекстан Республикасының азаматтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті рұқсаттарды алмай елге келіп, жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Осыған байланысты көші-қон заңнамасын бұзған 30 шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, қабылдап-тарату орталығына жеке бастарын анықтау мақсатында 40 тұлға жеткізілді.