Шымкентте шетелдік азаматтарды қамауға алып жатыр

0
1 078

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр.


Шымкентте шетелдік азаматтарды қамауға алып жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 16-20 қаңтар аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара басталғаннан бері Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының 32 бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 27 шетелдік азаматтар мен 5 Қазақстан азаматтары бар. Сонымен қатар, 15 құқықбұзушылар ескертіліп, 8 әкімшілік айыппұл салынған және 9 шетелдік әкімшілік қамауға алынған, сот шешімі бойынша басқа мемлекеттердің 2 азаматы елден шығарылды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды. Шетелдік азаматтарды заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз ететін 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын бұзған басқа мемлекеттің 1 азаматы анықталды. Одан өзге мемлекеттің азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзғаны дәлелденген.

Айта кетейік, «МИГРАНТ» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда.

дереккөз: Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі