Шымкентте шомылу бассейндеріне мониторинг жүргізілді

0
647

2022 жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасын бактериологиялық зерттеулерге 15 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулерге 15 сынама су алынды.


Шымкентте шомылу бассейндеріне мониторинг жүргізілді

Шымкент қаласында шомылу бассейндеріне мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов брифинг барысында мәлімдеді.
Кездесуде спикер демалу орындары мен жазғы шомылу бассейндеріндегі санитариялық талаптардың сақталуын бақылау СЭС мамандарының басты назарында екендігін жеткізді.
«Шымкент қаласы аумағында 17-ден аса жазғы шомылу бассейндері бар. Маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты, түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында, мониторинг бойынша 2022 жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасын бактериологиялық зерттеулерге 15 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулерге 15 сынама су алынды, нәтижесі санитариялық нормаларға жауап беретіндігі анықталды», - деді спикер.
Өндірістік зертханалық бақылау тәртібі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Бұл жағдайда бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылып, дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Сондай-ақ спикер жазғы шомылу маусымы кезінде шомылу және демалу үшін арнайы шомылу орындарын таңдау керектігін, субұрқақтарда шомылуға болмайтынын, субұрқақтардағы су санитариялық талаптарға сәйкес келмейтінін, бұдан бөлек, әртүрлі ішек инфекцияларын жұқтырып, жарақаттану қауіпі барын, ескертті.