Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қаупі жоқ
Шымкент қаласында су басу қаупі бар аумақтар тұрақты бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында су басу қаупі бар аймақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында.
Әл-Фараби ауданында бойынша құрылған топ Сәуле шағын аудандарындағы жеңістің 50 жылдығы, Тұмарлы, Зерделі және Байдала т.б. көшелеріне арнайы техникалардың көмегімен су тартуға дайын.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қаупі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.