Шымкентте тек екі ақша айырбастау нүктесі ғана қызмет етуде

0
1 109

Ал Алматы мен Нұр-Сұлтанда айырбастау нүктелері толығымен жабылған.


Шымкентте тек екі ақша айырбастау нүктесі ғана қызмет етуде

Қазақстан мегаполистерінде айырбастау нүктелері өз жұмысын тоқтатты. Ел тұрғындары әзірге валюталардың ешқайсысын сатып ала алмайды немесе сата алмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Kurs.kz порталында Алматы мен Нұр-Сұлтанда айырбастау нүктелері жабық екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, сатып алу-сатудың барлық көрсеткіші жойылған.

Ал Шымкентте тек екі ақша айырбастау нүктесі ғана қызмет етуде.

Онда доллар, рубль мен еуроны тек сатып алып жатыр. Ал кез келген валютаны сату тоқтатылған.

Айта кетейік, Қазақстандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ долларының құны өсуде. Жарты сағатта америкалық валютаның бағасы 415 теңгеден 450 теңгеге дейін көтерілген.

Ал жұма күні бір доллар 408 теңгеден сатылған. Бір апта ішінде шетелдік валюта 16 теңгеге қымбаттаса, бір ай ішінде 29 теңгеге өскен.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.