Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтеді

0
2 605

Жарыс 1-7 ақпан аралығында хард төсенішінен жабық кортта өтеді.


Шымкентте  теннистен халықаралық турнир өтеді

Шымкент қаласында фьючерс W15 сериясынан әйелдер арасында халықаралық теннис турнирі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше, жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған. Жарыс 1-7 ақпан аралығында хард төсенішінен жабық кортта өтеді.

Турнирге қатысатындардың алғашқы ондығына мына теннисшілер кіреді: Сабина Шарипова, Юлия Хатука, Дарья Мишина, Екатерина Казионова, Елена Малыгина, Анастасия Тихонова, Никола Бречкова, Ноэль Сайденова, Катерина Павленко, Любовь Костенко.

Негізгі турнирде Қазақстан намысын Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева және Екатерина Дмитриченко қорғайды. Сондай-ақ іріктеу сайысында Жанел Рүстемова, Софья Чурсина, Мария Синицына, Диёра Әлжанова, Аружан Сағындықова, Карина Ризванова, Әсима Сазанова, Елена Ким, Айя Нупбай, Адель Исмағұлова, Елизавета Гнилозубова өнер көрсетеді.