Шымкентте Тұрар Рысқұловтың мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

0
1 767

Аталған конференция Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған.


Шымкентте Тұрар Рысқұловтың мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Тұрар Рысқұлов: қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі; Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуы: тарихы мен қазіргі кезеңі; Түркі әлемінің зерттеулері: Еуразияның мәдени-тарихи мұрасы бағыттары бойынша өткен жиын Шымкенттегі Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Сондай-ақ, «Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми-көпшілік сериясын жүзеге асыру барысында көпшілік қауымға қазақ ұлт тарихындағы ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметі, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалыптастыру және дамыту жөніндегі Тұрар Рысқұловтың рөлі мен орны; ХХ ғасырдың қазақ интеллегенциясының көзқарастарында тәуелсіздік үшін күрес және Түркістанның саяси дамуының маңыздылығы, жалпы Қазақстан мен Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі сапалы ғылыми зерттеулерінің жаңа бағыттары мен ынталандырылуы және Еуразияның мәдени-тарихи мұрасы үшін Түркі әлемінің құндылықтары бойынша жаңа ғылыми зерттеулер таныстырылды.


Бұл конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және 2018 жылғы 20 қарашадағы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру.

Айта кетейік, ғылыми басқосуға Шымкент қаласының әкімдігі, Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, Қырғызстанның шетелдік ғалымдары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қызылорда Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент, қаласындағы ғалымдары, Алматы қ., Ш.Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының әкімшілігі, Алматы облысы Талғар аудандық музейінің қызметкерлері, «Рухани Жаны» ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, «Археология және этнология», «Түркітану», «Сураншы батыр» атындағы орталық, «Түркістан облысының өлкетану» мұражайы, «Отырар» ғылыми-білім беру кітапханасы, сонымен қатар мемлекет қайраткерлері, жас ғалымдар, республикалық қоғамдық қорлардың өкілдері ретінде – «Шерхан Мұртаз атындағы қоры», Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.