Дәрігер 20-21 желтоқсан күндері қалалық №2 ауруханада қабылдау өткізеді.
ERNUR.KZ. Түркиялық профессор шымкентік дәрігерлермен
тәжірибе бөлісіп, науқастарды қабылдайды.
Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Түркиялық профессор, нейрохирург дәрігер Саит Өзтүрік Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келеді.
Әлемдегі ең үздік мамандардың бірі шымкенттік дәрігерлерге неврологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін және тәжірибесін бөліседі.
Саит Өзтүрік науқастарды қаладағы №2 аурухана базасында қабылдайды.