Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі

0
557

Биыл 48 мектептің құрылысы жүргізілуде.


Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі

2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында жасаған есебінде айтты.

«Білім беру нысандарын дамыту мақсатында 2025 жылға дейін 101 мектеп салу жоспарда. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2025 дейін 38 мыңға жуық орынды 25 мектепті пайдалануға береміз», -деді қала басшысы.
Айта кетейік, былтыр шаһарда 25 мектеп пайдалануға берілсе, биыл 48 мектептің құрылысы жүргізілуде. 37 мектеп пайдалануға берілді, оның төртеуі мемлекеттік. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азайды.
Шаһарда «Балалар жылына» орай, бірқатар маңызды шаралар қолға алынды. Атап айтатын болсақ, 105 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары көп жылдан бері алғаш рет тегін ыстық тамақпен қамтылса, 58 мыңнан астам оқушыға мектеп формасы берілді.
Сонымен қатар, қала бойынша балалардың үйірмелермен қамту көрсеткіші жан басына қаржыландыру есебінен 45%-дан 75%-ға жетті.
Бүгінгі таңда шаһарда «Оқушылар сарайы», «Балалар шығармашылық мектебі», балаларға арналған 157 ойын алаңы мен 40 спорт алаңша құрылысы жүргізілуде.