17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.
иллюстрациялық фото
Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық станционардағы төсек орындар уақытша жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпид ахуал жөнінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталды. Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 мектепте ашылған стационарда -300 орын және №86 мектепте ашылған стационарда - 400 орын уақытша қызметін тоқтатты», - деді ол.
Уақытша жұмысын тоқтатқан станционарлар эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болады.
Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілген болатын. Нәтижесінде қосымша 211 мобильді топ құрылып, 17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.