Клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың асқазанын дәрігерлер шұғыл түрде видеогастроскопия аппаратымен тексерген.
Шымкенттік дәрігерлер бұрама шеге жұтып қойған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде екендігін айтады дәрігерлер.
Анасының айтуынша, пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Кішкентай баласының белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген.
Жедел жәрдем көмегімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың асқазанын дәрігерлер шұғыл түрде видеогастроскопия аппаратымен тексерді. Одан соң ауруханадағы білікті хирургтар Түлкібай Әкім және Құрманалиев Асанбайдың жетекшілігімен балақайға жабық ота жасалды. Мамандар асқазанда тұрып қалған шегені ота жасамай, эндоскопиялық жолмен алып шықты.
Дер кезінде балақайға көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін еді дейді мамандар.
Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге үйіне шығарылған.