Шымкентте "үстеме ақыдан қағылған" жедел жәрдем қызметкерлері наразылық танытты

0
997

Наурыз айында дәрігерлерге беріледі деген 200 мың мен 850 мың шымкенттік ақ халаттылар түсімізде де көрмедік деп отыр.


Шымкентте

Шымкентте төтенше жағдай кезінде берілуі тиіс «үстеме ақыдан қағылдық» деген фельдшерлер мен көлік жүргізушілері мемлекет есебінен бөлінген ақшаны талап етіп наразылық танытты, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының алдына жиналған жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, оларға түскен үстеме ақы талапқа сай төленбеген. Бір көлікте жүріп, қатар жұмыс істегендерге екі түрлі төлемақы түскен.

Тіпті, кейбіріне 9 мыңнан бастап 20,30 мың теңге берілген екен. Бұл не масқара деп ашуға булыққан фелдьшерлер мен көлік жүргізушілері үстеме ақының талапқа сай берілуін талап етті.

Отбасын айлап көрмегендер еңбегіне қарай үстеме ақы беріледі дегенде қуанған. Бірақ оны төлеуге келгенде, басшылық сараңдық танытты дейді олар. Ал көпшілігі мүлде алмаған.

Наурыз айында дәрігерлерге беріледі деген 200 мың мен 850 мың шымкенттік ақ халаттылар түсімізде де көрмедік деп отыр.

Дегенмен, топ болып жиналғандарды тыныштандыруға полицейлер жетіп, артынан қала басшылығы да келген. Әкім орынбасары Ербол Садырдың мәлімдеуінше, Шымкентте 42 дәрігер коронавирус жұқтырған. Бірақ, оларға уәде етілген 2 млн теңге төленбепті. Себебі, үйінде ауырған екен. Ал, шулаған жедел жәрдем қызметкерлеріне қосымша ақша беру мәселесі әлі қаралып жатқанын айтты.

"Халыққа күндіз-түні қызмет жасайтын біз бен сіздерміз. Бәріміз жүрміз күнімен - түнімен. Тура сіздер сияқты біз де жүрміз. Қауіпті, қатерлі екенін бәріміз түсінеміз. Бірақ, бұл біздің жұмысыз ғой. Сондықтан, бірлесіп отырып осы жұмысты қарайық", - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.