Шымкентте заңсыз құрылыс нысандары бұзылып жатыр

0
564

Ғимарат сот орындаушылар тарапынан жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзылды.


Шымкентте заңсыз құрылыс нысандары бұзылып жатыр

Шымкент қаласындағы Абай ауданындағы Халметов көшесінде орналасқан жеке тұлғаға тиесілі бір қабатты құрылыс нысаны сүрілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғимарат сот орындаушылар тарапынан жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзылды. Аудандық сотының шешімімен аталған басқарманың талап арызы қанағаттандырылды.

Сондай-ақ Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы, 111-орам мекен-жайындағы орналасқан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының талап арызы негізінде екі қабатты құрылыс нысандары да сүрілді.
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұздыру туралы талап арыз қанағаттандырылды. Қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалды.