Шымкентте заңсыз жұмыс істеп жүрген қытайлықтар ұсталды

0
1 029

Жедел-тергеу тобы Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетел азаматын ұстады.


Шымкентте заңсыз жұмыс істеп жүрген қытайлықтар ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетел азаматын құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2019 жылдың 10 қыркүйегінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері қаладағы «Шымкент-Крепеж» ЖШС-де шетелдік азаматтардың заңсыз жұмыс істейтінін анықтаған.


Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті хабарлады.

«Жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетел азаматын ұстады. Оның ішінде, 8 ҚХР азаматтары, 3 Өзбекстан Республикасының азаматтары», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша 6 шетел азаматтары ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 5 шетел азаматтарының әкімшілік істері Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында.