Шымкентте жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

0
2 308

Сауда үйлері мен кинотеатрлар демалыс және мереке күндері де 23:00-ге дейін жұмыс істейді.


Шымкентте жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлардың, жәрмеңкелердің қызметі, сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтап, жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін шектеліп, төбесі ашық базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істейді.


Бұл ретте санитарлық-дезинфекциялық жұмыс жүргізуге аптаның бір күні белгіленеді.


Орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеледі.


Көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, фудкорттар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін болады.


Сонымен қатар көрерменнің қатысуынсыз бір мезгілде шоғырлану 100 адамнан аспайтын, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын және тиісті аумақтық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің келісімі бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және (республикалық бірыңғай күнтізбе бойынша) республикалық жарыстарды қоспағанда, көрмелерді өткізуге, спорттық, отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын, жаппай жаңа жылдық іс-шараларды (оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарында бөгде адамдарсыз және көрермендердің қатысуынсыз әр топта бөлек өткізілетін таңертеңгіліктерді қоспағанда, балалардың таңертеңгіліктерін ұйымдастыруды, жаңа жылдық мерекелік тойлауларды), форумдарды, конференцияларды, семинарларды және адамдардың көп жиналуына қатысты іс-шараларды, оның ішінде үйде іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.


Жаңа қаулы 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап өз күшіне енді.