"SHANYRAQ" орталығында сәбилерге жасалатын массаждың 5 күндік қысқаша курсы басталды.
Шымкент қаласындағы "SHANYRAQ" орталығы жас аналарға жан-жақты қолдау көрсетуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"SHANYRAQ" Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы отбасылар мен жас аналарға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатыр.
9 тамыз күні «Шаңырақ» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде жас сәбилерге жасалатын массаждың 5 күндік қысқаша курсы басталды.
Жас аналарға массаж маманы аптасына 5 күн 1,5 сағаттан практикалық сабақ өтеді.