Бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды.
Шымкент қаласында "Жастар" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент Тұрғынүй басқармасының желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 08-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша өтінім қабылданып, нәтижесінде аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды.
Оның ішінде:
533 пәтер (60%) некеде тұрған азаматтарға берілсе, 355 пәтер (40%) некеде тұрмаған бойдақтар мен толық емес отбасылы азаматтарға қаралғандығын естеріңізге саламыз. Яғни, құжаттары конкурсқа өткен некесі бар азаматтар мен неке тіркелмеген азаматтардың баллдық көрсеткіштері екі бөлек қаралды.
Оның ішінде ІРІКТЕУДЕН ӨТКЕН:
- Некедегі бойынша жинақ балдардың (минуттық тарификацияға сәйкес барлығы емес) ең төменгі көрсеткіші- 30, ең жоғары шегі -62 балды құрады.
- Некеде тұрмаған бойдақтар мен толық емес отбасылар бойынша жинақ балдардың (минуттық тарификацияға сәйкес барлығы емес) ең төменгі көрсеткіші - 20, ең жоғары шегі -51 балды құрады.
Конкурстың нәтижесі бойынша өтінім иелерінің ұялы телефонына смс хабарлама жолданды. Ал азаматтармен жалдау шартын жасасу бойынша қосымша смс хабарлама алдағы уақытта жолданатын болады.
Балды төмен жинаған және құжаттары бас тартылған жастар осы жылғы конкурсқа қатыса алатындығын хабарлады.