Шымкентте жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысы жүргізіліп жатыр

0
438

Қала әкімі құрылыс жұмыстарының барысын бақылап көрді.


Шымкентте жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысы жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер өтетін тоннель бойынша құрылыс жұмыстары атқарылуда. Қала әкімі құрылыс жұмыстарының барысын бақылап көрді.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы және Рысқұлов көшесі бойынша толықтай көліктердің қозғалысы ұйымдастырылған. Енді жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасалады.

Айта кетсек, жыл өткен сайын шаһарда қалаішілік жолдарда көлік кептелісі арта түсуде. Әсіресе, орталық көшелерде иін тірескен автокөліктер тығынын жиі көруге болады. Осы ыңғайсыздықтарды шешу мақсатында қалада бірқатар көшелердің қиылысында жолайрық құрылысы жүргізілуде.